Астанада Министрліктер үйінің алдында көлік қаққан жүргінші қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Әкімшілік орталықта сейсенбі түнгі он жарымдар шамасында автокөлік қағып кеткен жаяу жүргінші көз жұмды.

Қайғылы оқиға Мәңгілік ел даңғылының бойында көшені кесіп өтетін жүргіншілер көпірінің астында болған.

Оқиға орнына келіп жеткен полицияның мәлімдеуінше, ер адамды көлік қаққан. Куәгерлердің айтуынша, ер адам көшені белгіленбеген жерден кесіп өтуге әрекеттенген.
Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 
 

Соңғы жаңалықтар