Астанада Мэрлер форумына келгендер футбол ойнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада өткен Global Silk Road Жібек жолы елдері қалаларының мэрлері форумы аясында «Астана Арена» стадионында жолдастық кездесу өтті. Осылайша, форум қатысушылары Ресейдегі Әлем чемпионатына қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана әкімдігінен мәлім еткендей, Жібек жолы кубогын мэрлер және Ислам бизнесі халықаралық қауымдастығының командалары сарапқа салды.

Жолдастық кездесу матчына қатысушылар арасында КСРО құрамасының ардагерлері, футбол жұлдыздары Вагиз Хидиятуллин мен Ринат Дасаев болды.

Ойын тең аяқталды, есеп - 2:2. 

Соңғы жаңалықтар