Астанада «Менің түс әлемім» атты сурет көрмесі өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайының көрме залында суретші Қайрат Жәйірбекұлының «Менің түс әлемім» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана төрінде ашылған бұл өнер көрмесіне бейнелеу өнерінің түрлі жанрында салынған,  қоғамға ой салатын, тәрбиелік мазмұны бар, көркемдік мәнерімен ерекшеленетін шығармалар қойылған. Көрмеге келген жұрт аталған туындыларға қызғушылық танытып,  ыстық ықыласпен қарап шықты.

Автор көрмеге қоғамның әртүрлі тақырыптарын арқау еткен туындыларының бір бөлігін көпшілік назарына ұсынғанын жеткізді.

«Мен осы уақытқа дейін шығармашылығымда ақпараттық карикатураға басымдық беріп келемін. Бұл жанр өмірдегі жағымсыз құбылыстарды, кілеңсіздіктерді ашып көрсетіп, қоғамды онымен көресуге, кемшіліктерді түзетуге үндейді. Мысалы, «Мәдениетті қаланың, мәдениетсіз тұрғыны болудан сақтанайық!» деп аталатын туындым осындай тақырыпқа арналған. Сонымен бірге көрмеге «Қазақ елі», «Еркіндіктің символы», «Менің балалық шағым», «Көкпар тарту», «Атамекен» секілді майлы бояумен салынған шығармаларым қойылған. Бұл туындылардың әрбірінің өзіндік ерекше мазмұны, көтерген тақырыбы бар. Жалпы шығармаларыма менің тағдырым, отаныма, еліме деген махаббатым, көңіл-күй тебіренісім, ұлтымның жауһар мәдениеті,  салт-дәстүрі, тіршілік дағдысы, қазақтың байтақ даласының әсем көрінісі арқау болған», - дейді суретші Қайрат Жәйірбекұлы.null 

Көрменің ашылуына арнайы келіп қатысқан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі,  белгілі мүсінші Тоқтар Ермеков, Қазақстанның мәдениет қайраткері Өмірәлі Тілеулиев сияқты белгілі суретшілер Қайрат Жәйірбекұлының еңбектеріне өз бағаларын беріп, шығармашылық жолының нәтижелі,  жемісті болуын тіледі. 

«Қайраттың жұмыстары сан-салалы ауқымдылығымен, халықтың көзін ашатын, ой салатын ұшқырлығымен ерекшеленеді. Ол жан-жақты суретші, шығармаларында ұлттың болмысын көрсеткен майлы бояу кескіндемелері, графикалары, белгілі адамдарды бейнелеген шарждары, қоғамның мінін ашқан карикатуралары мен плакаттары көрініс тапқан. Болашақта тағы да талғамы биік туындылар өмірге әкеле береді деп сенемін», - дейді белгілі мүсінші Тоқтар Ермеков.null 

Қайрат Жәйірбекұлының қазақ халқының болмысын бейнелеген көптеген туындылары Қытай жерінде өткен суретшілер фестивальдерінде көрсетіліп, жоғары бағаланып, марапатталған. Ал, Қазақстан еліне қоныс аударғаннан кейінде шығармашылық жұмыспен белсенді айналысып, республикалық, халқаралық суретшілер фестивалдеріне үзбей қатысып келеді. Оның талғамды, өресі биік шығармаларының бірқатары, суретшілер шығармаларын топтастырған  әртүрлі арнайы жинақ каталогқа енген. null   

Сондай-ақ,  ол  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырмасымен, қазақтың мифтік кейіпкерлерін бірізділендіру мақсатында өткен республикалық байқауға қатынасып, жүлдегер атанған. Осы байқау нәтижесінде ірктелініп алынған туындылар негізінде құрастырылған «Қазақтың мифтік кейіпкері» атты жинаққа шығармалары кіргізілген. Сонымен қатар Назарбаев зияткерлік мектептеріне арналған «Әдебиеттік оқу» кітабын қатысты суреттермен безендіруге атсалысқан. 

Соңғы жаңалықтар