Астанада Мемлекеттік рәміздер мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомствоаралық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Комиссия жұмысына Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері мен ғалымдар қатысты. Жиында сөз сөйлеген ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мемлекеттік рәміздерді насихаттауға байланысты атқарылып жатқан ақпараттандыру жұмысы туралы баяндап берді.

null

Отырыс барысында сондай-ақ, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың, Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жөніндегі есептері тыңдалды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері саласындағы нормативтік-құқықтық акітлерін жетілдіру мәселелері қаралды.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мемлекеттік органдардың басшыларына Мемлекеттік рәміздерді пайдалану және насихаттау мәселелері, сонымен қатар осы саладағы заңнамаларды сақтау жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар