Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың 12 түрінен бәсеке өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

«17 ақпан мен 5 мамыр аралығында жыл сайынғы мемлекеттік қызметшілер арасындағы ХІ спартакиада басталды. Жарысқа қатысуға Астана қаласының аудан әкімдіктері, департаменттер, басқармалар мен оларға қарасты мекемелердің қызметкерлерінен құралған командалар шақырылады», - деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

Жарыс 12 спорт түрінен өтеді: шаңғы, волейбол, шахмат, шағын футбол, үстел теннисі, қол күресі, эстафета, жазғы президенттік көпсайыс, дойбы, арқан тартыс, асық ату және бильярд.

Спорттық шараны ұйымдастырушы және жауапты қалалық Мәдениет және спорт басқармасы мен Астана қаласы әкімінің аппараты.

Соңғы жаңалықтар