Астанада мемлекеттік қызметке тұрғысы келетін үміткерлер қашықтықтан сұхбаттасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті әкімшілік мемлекеттік лауазым үміткерлерімен сұхбаттасуды қашықтықтан өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы департамент директоры Жазира Жылқышиева 2018 жылғы жұмыс қорытындысына арналған алқа мәжілісінде айтты.

«Жергілікті атқару органдарындағы әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жүргізуде қашықтықтан сұхбаттасу тәжірибесін енгізіп жатырмыз. Цифрлық технологияларды енгізу арқылы есептілік 5 есеге қысқарды. Кадрлық, заңгерлік қызметтер мен қаржылық-шаруашылық бөлім орталықтандырылды. «е-Қызмет» ақпараттық жүйесінде кадрлық құжаттама пилоттық түрде жүргізіліп жатыр. Енді кадрлық қызметтер күнделікті қайталанатын жұмыстарға уақыт шығындамайды», - деді Жазира Жылқышиева.

Оның айтуынша, 2018 жылы Астанада электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны 74 пайызға дейін өскен. Бұл - қызмет көрсетушімен тікелей байланысты 2,5 есеге шейін қысқартып, тұрмыстық жемқорлықтың үш есеге дейін азаюына мүмкіндік берді.

«Мемлекеттік қызметшілер цифрлық сауаттылықтың үлгісін көрсетуі тиіс. Әрбір мемлекеттік қызметші Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай, электронды-цифрлық қолтаңбаны белсенді пайдалануы керек», - деп өз сөзін түйіндеді Ж. Жылқышиева.

Соңғы жаңалықтар