Астанада мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру мәселесі талқыланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру мәселесіне қатысты жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Отырысқа орталық атқарушы органдар мен мемлекеттік қызмет, стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі ведомстволардың өкілдері қатысты.

Қатысушылар заңнамалық реттеу, өкілеттіктерді төменгі деңгейлерге қайта бөлу, функционалдық талдау, жол картасының жобасын әзірлеу секілді мәселелерді талқылады.

Жиынды қорытындылай келе, Е. Жамаубаев Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен бірлесіп, кезең-кезеңмен әкімшілік реформаның Жол картасының жобасын, сондай-ақ заңнамалық реттеу мәселелерін пысықтауды тапсырды.



Фото: primeminister.kz




Соңғы жаңалықтар