Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 20 °С
Алматы: 20 °С
USD 328.31 EUR 386.62
RUB 5.27 CNY 51.49
Жаңалықтар

Астанада мемлекеттік бағдарлама аясында 292 отбасына пәтер берілді

2018 жылғы 17 мамыр 14:37 503
Бөлісіңіз:
Астанада мемлекеттік бағдарлама аясында 292 отбасына пәтер берілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада 292 отбасы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған үйден пәтер алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жас мамандарға да жатақхана салынуы тиіс - Дариға Назарбаева «7-20-25» бағдарламасы қашан іске қосылады

Қошқарбаев көшесіндегі №39 үйден кезекте тұрған 146 отбасы баспаналы болды. Олар - жеңілдікпен пәтер алғандар, бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары, ал қалғандары «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіндегі» конкурс бойынша алды.

Үйді қала әкімдігінің тапсырысымен «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Мейір-М» ЖШС салған.

Отбасылардың бірнешеуіне пәтер кілтін Астана әкімі Әсет Исекешевтің өзі табыстады.

«Қымбатты астаналықтар, бүгін - Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінде 300-ге жуық отбасы осы үйден пәтерлі болды, соның 146-сы кезекте тұрғандар. Жыл соңына дейін барлық мемлекеттік бағдарлама бойынша 1 мыңнан астам пәтер салынады. Сіздерді құттықтаймын, қоныс құтты болсын!», - деді Әсет Исекешев.

Астанада мемлекеттік бағдарлама аясында 292 отбасына пәтер берілді
Тұрғын үй маңында Әзірет Сұлтан мешіті, Ұлттық музей, Бейбітшілік және келісім сарайы орналасқан. Тұрғын үйде жаңа «Нұрлы жол» теміржол вокзалына қарай тура тартуға болады.

«Бүгін қала әкімінің қолынан пәтер кілтін алдық, қуанышымызда шек жоқ. Осы күнді көп күттік, бірақ бүгін бәрі ұмытылды, енді бәрі артта қалды. Осындай бағдарламалар көбейе берсін, әрбір қазақстандықтың өз баспанасы болсын!» - деп ағынан жарылды елорда тұрғыны Дина Қапашева.
2018 жылы Астанада мемлекеттік бағдарламамен тағы да 6 көппәтерлі тұрғын үй кешені салынбақ. Олардағы пәтерлердің жалпы ауданы 60,58 мың шаршы метр болады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 386 пәтер, ал кезекте тұрғандарға жалға берілетін баспана бағыты бойынша 677 пәтер бөлінеді.

Әкімдік берген мәліметке қарағанда, бүгінгі таңда 48 579 адам кезекте тұр.

Астанада мемлекеттік бағдарлама аясында 292 отбасына пәтер берілді


Басты сөздер: Астана, Тұрғын үй,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат