Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.93 EUR 423.00
RUB 5.87 CNY 54.82
Jańalyqtar

Астанада мемқызметшілердің жалақысы екі есе өсті

2018 жылғы 25 қыркүйек 11:47 382
Бөлісіңіз:
Астанада мемқызметшілердің жалақысы екі есе өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жалақы бойынша жаңа жүйенің нәтижесін жариялады. Аталған жүйе ҚР Әділет министрлігі, Астана қаласы және Маңғыстау облыстық әкімдігінде пилоттық режимде қолға алынған болатын, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемқызмет саласында «Жаңа формация жетекшісі» оқу бағдарламасы енгізіледі Қазақстан мемлекеттік қызметтің инновациялық моделін енгізіп жатыр - Айгүл Шайымова

Астана қалалық департаментінің жетекшісі Жазира Жылқышиеваның айтуынша, қазіргі кезде мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы тек екі  параметрге - жұмыс өтілі мен атқаратын лауазым санатына ғана негізделген. Алайда, атқарылатын жұмыстың қиындығы мен қызметкердің тиімділігі ескерілмейді. Ал сыйақылар мен үстемеақылар бәріне бірдей көлемде төленеді.

«Бұл жүйе 14 жыл бұрын енгізілген болатын. Соның салдарынан орталық және аймақтық, мемлекеттік және жеке сектор қызметшілері арасында еңбекақы төлемінде теңсіздіктер туындады. Жалақы төлеудің жаңа жүйесі аталған кемшіліктерді жоюды көздейді», - деді Ж.Жылқышиева Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, пилоттық жоба орталық және жергілікті мемлекеттік орган қызметшілерінің жалақыларын теңестіруге мүмкіндік беріп отыр.

«Мысалы, бұрын Астана қаласы әкімдігінің бас маманы министрлікте отырған бас сарапшыдан орташа есеппен ай сайын 70 процентке аз жалақы алатын. Ол - шамамен 115 мың теңге. Қазіргі кезде ондай айырмашылық 10 процентті құрайды. Әкімдіктің бас сарапшысы 210 мың теңге алады. Соның арқасында Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарында кадрлардың кетуі екі есеге азайды. Биылғы 8 айда тек 16 адам жұмыстан кетті. Бос орынға конкурстар 7 есе өсті. Бұрын бір бос жұмыс орнына екі-ақ үміткерден тіркелсе, енді олардың саны жиырма адамға жетті», - деп атап көрсетті Ж.Жылқышиева.

Жаңа жүйенің тағы бір ерекшелігі - жұмыс тәжірибесін есептеудің тың тәртібі. Бұрын жалпы мемлекеттік қызмет өтілі ескерілетін болса, ендігі жерде ұқсас лауазымдар бойынша функционалдық бағыттардағы тәжірибесі ескеріледі.

Мәселен, кеңсе бас маманы басқа мемлеккеттік органға ауысса, жаңа жұмыс орнында оның лауазымдық тәжірибесі ескерілетін болады. Бұдан бөлек, болашақта жоғарылату кезінде жалақыны белгілегенде төмен тұрған лауазымдағы жұмыс өтілі де ескеріледі. Ондай тәсілдерді ЭЫДҰ озық елдері (Франция, Германия, АҚШ) қолданады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT