Астанада мемқызметшілер бір мезгілде Әнұранды орындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Министрліктер үйі» ғимаратында орналасқан ведомстволар қызметкерлері бір мезгілде Мемлекеттік Әнұранды шырқады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін, 4 маусым күні ҚР Президентінің Іс басқармасы Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Әнұранның салтанатты орындалуын ұйымдастырды. Сағат 10-да Министрліктер үйінде Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Қызметкерлер кабинеттерінен шығып, дәлізде сап түзеп, Гимнді бірге орындады», - деп мәлім етті ҚР Президентінің Іс басқармасынан.

Акцияны Министрліктер үйінде жұмыс атқаратын полиция полкы да қолдаған.

Айта кетейік, Министрліктер үйінің жалпы ауданы 228 мың шаршы метрді құрайды. 1,5 шақырымға созылып жатқан ғимарат 20 блоктан тұрады. Онда Қазақстан Республикасының 27 мнистрлігі мен ведомстволары және олардың бөлімшелері орналасқан.

Фото: azh.kz

 

Соңғы жаңалықтар