Астанада «Мектепке жол» аясында балаларға оқу құралдары таратылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мектепке жол» акциясы аясында «Нұр Отан» партиясы тұрмысы төмен отбасыдан шыққан елордалық мектеп оқушыларына көмек қолын созды, деп хабарлайды ҚазАқпарат 24.kz сілтеме жасап. 

60-қа тарта бала ЭКСПО көрмесін тегін аралап, мектепке қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бүлдіршіндер қуыршақ театрының өнерін де тамашалады. Жалпы партияның «Бірлік» филиалы Астана бойынша жыл сайын шамамен 650 балаға көмек көрсетіп келеді. Қайырымдылық шарасына кәсіпкерлер мен түрлі ұйымдар қолдау жасайды.

"Қаласа көп балалы отбасылар фейсбук, әлеуметтік желілер, инстаграмм арқылы Нұр отан партиясы «Бірлік» филиалына өтініш білдірсе болады. Одан бөлек Тәуелсіздік, 3 ғимараты арқылы сол жерге барып өтініші білдіріп, өздерінің балаларының тізімдерін, қай сыныпқа баратынын айтса, біз қолдан келгенше кәсіпкерлердің, ұйымдардың негізінде көмек көрсетеміз",-дейді «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов

Соңғы жаңалықтар