Астанада мектеп оқушысын қағып кеткен жүргізушінің есімі анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада бүгін жаяу жүргіншілерге арналған жолда кетіп бара жатқан баланы қағып кеткен «Toyota Land Cruiser» көлігі жүргізушісінің есімі мен мерт болған мектеп оқушысының аты-жөні анықталды, деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

«Көлікті 1983 жылғы әйел жүргізген. Қаза тапқан бала 2003 жылы дүниеге келген. Қазіргі кезде «Абайсызда адам өліміне соқтырған жол қозғалысы ережесі және көліктік құралды басқару ережесін бұзу» 345-ші бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері өткізіліп, тиісті сараптама тағайындалды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, бүгін күндізгі сағат 12-і шамасында А.Иманов көшесімен келе жатқан «Toyota Land Cruiser PRADO» көлігінің жүргізушісі Қажымұқан көшесінің қиылысында бұрылуы кезінде жаяу жүргіншілерге арналған жолмен кетіп бара жатқан мектеп оқушысын қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар