Астанада мектеп оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінде 8-сынып оқушысы қайтыс болды.

Қалалық білім басқармасы мен мектеп қызметкерлері «ҚазАқпарат» тілшісіне баланың не себепті қайтыс болғанын айта алған жоқ.

«Ер баланың қайтыс болғаны рас. Бірақ, маған әлі керек қорытындылар келген жоқ. Сондықтан, ешқандай ақпарат бере алмаймын», - деді қалалық Білім беру басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ботагөз Омар.

Ал, өзін таныстырудан бас тартқан №59 мектептің қызметкері «ҚазАқпарат» тілшісіне: «Баланы жедел-жәрдем мектептен алып кетті. Қазір мектеп басшылығы баланың жаназасына кетті. Бүкіл ақпаратты басшылар береді. Мен оқиға орнында болған жоқпын»,-деп жауап берді.

Балалары осы білім мекемесінде оқитын ата-аналардың айтуынша, оқушы мектепте көз жұмған. Оқиға 30 қараша күні орын алған.

Соңғы жаңалықтар