Астанада мекенжайды көрсететін тақтайшалар түнде өздігінен жанып тұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы 15 көшеде түнде өздігінен жарқырап тұратын мекенжай тақтайшалары орнатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Тұрғын үйлердің мекенжайын көрсететін ерекше жарық жинағыш тақтайшалар фотолюминесценттік қабықшадан жасалған, бұл түнде сәуле шығару мүмкіндігі бар материал түрі.

 «Сәуле шығару материал құрамында люминофор аталатын қабықшасының болуына байланысты. Бұл заттектің құрамындағы бөлшектер қайнар көзден энергияны жылдам жинақтап, содан кейін электр қуатын пайдаланбай түнде ұзақ уақыт бойы жарық бере алады», - дейді «Байқоңыр» ауданының әкімі Ерлан Каналимов.

Жаңа тақтайшалардағы жарықтың әсер ету ұзақтығына байланысты сәуле тарату уақыты 4 сағаттан 12 сағатқа дейін.

Е. Каналимовтың айтуынша, қазіргі таңда «Байқоңыр» ауданындағы көшелердің атауы мен үйлердің реттік нөмірі жазылған аншлагтарды орнату жүргізіліп жатыр.

Ж. Тәшенов, А. Бараев, А. Иманов, Кенесары, Ж. Досмұхамедұлы, Асан қайғы, А. Янушкевич, А. Пушкин, А. Кравцов, Сембинов, А. Жұбанов, М. Ғабдуллин, Ш. Уәлиханов көшелері мен Республика, Абай даңғылдарында осындай тақтайшалар орнатылады.

Қазіргі уақытта барлығы 360-тан астам жарық жинағыш қабаты бар аншлаг орнатылған.

Соңғы жаңалықтар