Астанада медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі жаһандық конференция басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық конференция басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаһандық конференцияға әлемнің 146 елінен медицина саласының басшылары мен білікті мамандары келіп отыр. Олардың қатарында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус, ЮНИСЕФ атқарушы директоры Генриетта Фор, ДДҰ Еуропа өңірлік бюросының директоры Жужанна Якаб қатысуда.

«Профилактика мен ауруларды алдын ала анықтау - денсаулық сақтау жүйесіндегі шығындарды едәуір азайтып, медициналық ұйымдардың жұмысын жеңілдететінін білеміз. Адамдарға алғашқы көмек көрсету, азаматтарды қолдау - Үкімет пен денсаулық сақтау министрлігінің басымдық беріп отырған бағыттарының бірі. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын жақсартатын маңызды бағыт ретінде қаралуы тиіс. Бүгінгі конференцияға үкіметтік емес ұйымдардың, Медициналық қызметкерлер қауымдастығының өкілдері жиналып отыр. Дәл осы азаматтар медициналық-санитарлық алғашқы көмектің бағдарламасын жүзеге асыратын негізгі адамдар болып табылады», - деді Ерболат Досаев.null 

Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және Қазақстан Үкіметі бірлесіп ұйымдастырған бұл шара Алматы декларациясының 40 жылдығына арналып отыр. Оған ДДҰ мүше 120 мемлекет өкілдері, денсаулық сақтау министрлері, әлемге танымал сарапшылар мен меценаттар шақырылған.

1978 жылы қабылданған «Алматы декларациясы» барша адамзаттың денсаулыққа қол жеткізу стратегиясы ретінде медициналық-санитарлық алғашқы көмекті насихаттайтын тұңғыш халықаралық декларация болған еді. Одан кейінгі денсаулықты нығайту, жалпыға бірдей денсаулық сынды қозғалыстар Алматы декларациясының бірегей қағидалары - әділет, ынтымақтастық, әлеуметтік әділетке негізделген.null

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаһандық конференцияда Алматы декларациясын толықтыратын жаңа Астана декларациясы қабылданатынын жеткізген еді.

null 

Соңғы жаңалықтар