Астанада мәслихат депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласының мәслихат депутаты Берік Оралұлы Жәкеновтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР заңыгның 20-бабы, 3-тармағының 1-тармақшасына және 4-тармағына сәйкес, депутаттың ҚР заңнамасына сәйкес, депутаттық міндеттерді орындауымен сыйымсыз лауазымға тағайындалуы туралы өтінішхат беруіне байланысты, Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы қалалық мәслихат депутаты Берік Оралұлы Жәкеновтың өкілеттігін тоқтату туралы биыл 5 мамырда №19 шешімді қабылдады. Осыған байланысты Астана қаласының мәслихатына ұсыныс енгіземіз», - деді Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова мәслихат отырысында.

Елордалық мәслихат аталған шешімді бірауыздан мақұлдады.

Еске сала кетсек, республика бойынша Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы биыл 19 наурызда өткен еді.


Соңғы жаңалықтар