Астанада маса мен шыбын-шіркейді жою жұмыстары жалғасуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» ММ мердігерлік ұйымы «Астаналық дезинфекция» ЖШС елордада шыбын-шіркеймен күрес жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілгендей, ашық стациялардағы дезинсекциялық іс-шаралар елорданың орталығынан бастап, шеткі аймақтарға дейін жүргізіледі.

«Қаланың шет аймақтарынан масалар мен шіркейлердің жаппай ұшып келуіне жол бермеу мақсатында елорда маңындағы қорғаныс тосқауылдары тұрақты негізде жүргізіледі. Өңдеу жұмыстары мамандандырылған дезинфекциялық машиналар мен термогенераторлардың көмегімен, хлорпирифос және малатион белсенді затымен ФОҚ (фосфор органикалық қосылыстар) класының инсектицидтік препараттарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Айта кету керек, қауіпсіздік шараларын сақтау кезінде бұл препараттар адамдар мен жануарларға қауіп төндірмейді.

Жұмыстар белгіленген мерзімдер бойынша жүргізілуде», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар