Астанада мас жүргізуші жедел жәрдем көлігіне соғылды, 3 адам ауруханада

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада мас жүргізуші жедел жәрдем көлігіне соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 12 наурыз күні түнде болған. 34 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, өзімен бір бағытта жол қиылысында тұрған жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан. Медициналық көлік екпінмен алда тұрған №4 автобусқа соғылған. Автобуста 15 жолаушы болған, олар зардап шеккен жоқ.

«Жол-көлік апаты салдарынан медициналық мекемеге жедел жәрдем әкеле жатқан науқас, Аudi көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы жеткізілді. Медициналық куәландыру барысында Аudi иесі орта ауырлықтағы мас күйде болғаны анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Мас жүргізушіге қатысты ҚР заңнамасында қарастырылғандай, процессуалдық шешім қабылданады», - делінген ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар