Астанада Мәңгілік ел даңғылындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мәңгілік ел даңғылындағы барлық жөндеу жұмыстарын 20 тамызға дейін аяқтау жоспарланған. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасынан мәлім етті.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты Мәңгілік ел даңғылындағы жөндеу жұмыстарының мерзімі ұзарды. Барлық жұмыстарды 20 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда. Бүгінгі таңда тек Мәңгілік ел даңғылының Керей-Жәнібек хандар көшесінен Бұқар Жырау көшесіне дейінгі бөлігі ғана жабылды», - делінген құзырлы орган жауабында.

Басқарма дерегінше, қазан айының ортасына дейін елордадағы 131 көшені жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда оның 46-сында жұмыстар аяқталды.

«Жолдарды орташа жөндеу ауа райын ескере отырып жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы барлық жұмыстар қазан айының ортасына жақын аяқталады», - деп мәлім етті Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасынан.

Еске сала кетсек, бұған дейін бас шаһарда қандай көшелердің уақытша жабылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар