Астанада Мәңгілік ел даңғылындағы жол учаскесі бір айға жуық жабылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада тағы бір көше жөндеуге жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «109» қызметіне сілтеме жасап.

Астанада Мәңгілік ел даңғылында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 10 мамыр мен 4 маусым аралығында «Мәңгілік ел» салтанат қақпасынан (Триумфальная арка) Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары жолда кептеліс тудырмау үшін өз маршрутын алдын ала жоспарлағаны абзал.

Еске салайық, Қарталы көшесіндегі орташа жөндеуге байланысты 8-10 мамыр аралығында Талапкер көшесінен Ақан сері көшесіне дейінгі учаскедегі автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылды.

Сондай-ақ Тұран даңғылындағы орташа жөндеу жұмысына байланысты 6 мамырда Бұқар жырау көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі учаске толық жабылды. Көлік қозғалысына 12 мамырға дейін тыйым бар.

Бурабай көшесінде жөндеу басталып, машина қозғалысына4-15 мамыр аралығында Абылай хан даңғылынан М.Төлебаев көшесіне дейінгі учаскеде тыйым салынды.

Р.Қошқарбаев даңғылындағы орташа жөндеуге 4-15 мамыр аралығында М.Жұмабаев даңғылынан С.Нұрмағамбетов көшесіне дейінгі учаскеде жол жабылады.


Соңғы жаңалықтар