Астанада Мағжан Жұмабаев даңғылы 11 тамызға дейін ішінара жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М. Жұмабаев даңғылын Б. Момышұлы даңғылынан бастап Қ. Мұнайтпасов көшесіне дейінгі учаскесін жөндеуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат astana.gov.kz-ке сілтеме жасап.

Осыған байланысты, шілде айының 31-нен (12:00)  тамыз айының 11-не дейін көрсетілген учаскеде автокөліктердің қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Соңғы жаңалықтар