Астанада лондондық Ситидің лорд-мэрі органда ойнады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондондық Ситидің лорд-мэрі Эндрю Пармли Астанадағы сапары аясында Қазақ ұлттық өнер университетінің орган залына бас сұқты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Эндрю Пармли Қазақ ұлттық өнер университетінде қазақтың талантты органшысы Салтанат Әбілхановамен танысып, органда ойнады. Сондай-ақ қазақтың сый-сияпатына ие болды», - делінген Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігі баспасөз қызметінің Facebook-тегі парақшасында.

Елшіліктің баспасөз қызметі, лондондық Ситидің лорд-мэрі Халықаралық қаржы орталығының басшысы ғана емес, оның кәсіби-органшы екендігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар