Астанада лифтідегі ақаулар 40 минутта жойылатын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - iKomek орталығы мен ҚР Лифт компаниялары қауымдастығы ынтымақтастық туралы келісім жасады. Оған сәйкес, елорда тұрғын үйлеріндегі лифтілердің ақаулары 20-40 минуттың ішінде жойылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Лифт компаниялары қауымдастығы елордадағы 22 лифт ұйымында жеделсатылардың жұмыстары мен оларға қызмет көрсету бойынша талаптар мен стандарттарды белгіледі. Осылайша қаладағы барлық лифт қондырғыларының 80% қамтымақ. Келісім аясында лифтілердегі ақауларды жою уақыты хабар түскен сәттен бастап 20-40 минутты құрайды», - делінген хабарламада.

Аталып өтілгендей, қала тұрғындары iKomek орталығына немесе лифт ұйымдарының диспетчерлік қызметтеріне тікелей хабарласа алады.

Ақпарат бойынша, 2018 жылдың басынан бері iKomek орталығына елордадағы лифт компанияларының қызметі бойынша 2216 хабар түскен.

 

Соңғы жаңалықтар