Астанада «Лазурный квартал» ТК өртенді. Балалар жалын ортасында қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Лазурный квартал» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінен өрт шықты. Пәтер ішінде балалар болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

«Бүгін, сағат 10:41-де Сарайшық көшесіндегі 14 пәтерлі «Лазурный квартал» тұрғын үй кешенінің 10-қабатынан өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Пәтердің жатын бөлмесінде киім-кешек өртенген», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның айтуынша, жалынның таралуы жарты сағатта тоқтатылып, тағы 6 минуттан кейін ол толығымен сөндірілді. Осының арқасында пәтерде болған екі бала құтқарылды.

Өрт аумағы 18 шаршы метрді құрады. Тілсіз жауды ауыздықтауға елордалық өрт сөндіру қызметінің 16 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды. 

Зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жаңалықтар