Астанада «Land Cruiser Prado» мінген әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жол талғамайтын көлік мінген әйел жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы кеше елордадағы Қонаев көшесінің бойында, шамамен 15:10-да болған.

Елордалық ІІД таратқан мәліметке сүйенсек, болған оқиға қатысты тергеу алды тексеріс жүріп жатыр. 

«Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі Қонаев көшесінде келе жатып, жаяу жүргінші өткеліндегі ер адамды қағып кеткен. Жарақат алған 23 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, 8 қыркүйек күні кешкі уақытта Алматы қаласында да жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткен болатын. Оңтүстік астанада болған оқиға салдарынан ер адам ажал құшқан, ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Жүргізушіні полиция іздестіріп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар