Астанада қызылшаның өршуі байқалмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада егілмеген балалардың арасында қызылшамен аурудың маусымдық асқынуы байқалғанымен, қызылшаның өршуі орын алды деуге еш негіз жоқ, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі таңда қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында қызылшамен ауырады деген күдікпен 125 бала емделуде. Қарашадан бері 169 бала емделіп шықты. Аурудың асқыну оқиғалары жоқ.

Зертханада 130 балаға қойылған қызылша диагнозы расталды.  

«Күніне орта есеппен емдеу курсынан өткен 10-15 бала ауруханадан шығарылады. Қалалық балалар ауруханасында немесе елорданың басқа да емханаларына қызылшаға шалдыққан деген күдікпен жатқызылған  пациенттер жоқ. Өзге адамның атынан жарияланған ақпарат жалған», - делінген Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. 

Ведомствоның статистикалық мәліметіне сәйкес, 2014 жылы Астанада қызылшамен ауырудың 50, 2015 жылы - 396, 2016 жылы - 6 жағдайы тіркелсе, 2017 жылы - бірде бір жағдай тіркелмеген.

«2015 жылы вакцинамен  халықтың көп бөлігі қамтылды, сол себепті 2016-2017 жылдары қызылшамен ауырғандары саны азая түсті. Сіздердің сауалдарыңызға объективті түрде мына телефондар бойынша жауап береміз: +77780127000», - деп мәлімдеді департаментте.

Соңғы жаңалықтар