Астанада Қытайдың дәстүрлі медицина орталығы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасындағы дәстүрлі Қытай медицина орталығының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null
Сондай-ақ, шараға ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, ҚР Президенті Іс басқармасы мен Медициналық орталықтың басшылығы, Қытайдан келген серіктестер қатысты.
nullnull

 Өзінің құттықтау сөзінде Гүлшара Әбдіқалықова екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 25 жыл толғанын атап өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің арасында жылы достық қарым-қатынас қалыптасқанын да айрықша айтып өтті. Соның нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейі мен сенімді диалог орнап, тараптар өзара әріптестікті нығайтуға мүдделі болып отыр.

Мемлекеттік хатшы қытай медицинасының тамыры тереңде жатқан жүйе екенін, дәрігерлердің мыңдаған жылдар бойы жинақтаған тәжірибесіне негізделетінін айтты. 
null

«Дәстүрлі қытай медицинасы өз тамырын тереңнен алады. Аталған медицинаның философиясы бізге жақсы таныс, онда адамзат тұтас қоршаған ортамен тығыз байланыста зерттеледі. Сол себепті, бізде ғылыми медицинамен қатар баламалы медицина түрлері де болу керек. Бұл орталықтың ЭКСПО қарсаңында ашылуы да есте қаларлық», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Өз кезегінде ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының басшысы Валерий Бенберин орталықта 5 қытайлық маманның жұмыс істейтінін мәлім етті.
null

 «Дәстүрлі қытай медицинасы - ағзаның саулығы, жан мен тәннің жай-күйі туралы терең ілім. Дәстүрлі қытай медицинасы әлемнің 140 елінде мойындалған және заманауи медицинамен қатар қолданылады. Орталықта диагностика мен емдеудің таңдаулы әдістері жүргізіледі», - деді ол.
null

Орталық қызметі ақылы түрде жүзеге асады. Алуан түрлі массаждар, ине-рефлекс терапиясы, банкалық массаж, психо-физиологиялық ем түрлері ұсынылады. Одан бөлек, орталық жанында әлемге танымал TongRenTang емдік шөптер дәріханасы жұмыс істейді. Бұл Қазақстан аумағында ашуға рұқсат берілген бірден бір дәріхана.
nullnullnull

Соңғы жаңалықтар