Астанада Қытай мемлекеттік даму банкінің өкілдігі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Қытай мемлекеттік даму банкінің өкілдігі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қытай мемлекеттік даму банкінің өкілдігі «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген. Айта кетсек, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жұмысын бастаған «Астана» ХҚО-ның мақсаты - әлемдік стандарттарға сай келетін кешенді қаржылық платформа құру болып табылады.

Аталған өкілдіктің ашылуы Қытайдың Қазақстанмен серіктестігін нығайта түскісі келгендігін танытып отыр.

«Бүгін Астанада Қытай мемлекеттік даму банкінің өкілдігін ашу үшін бас қосып отырмыз. Кеше Астанаға келгенімізде біздің әріптестер Астанаға алғашқы қардың жауғанын айтты. Оған бәріміз куә болдық. Ал бүгін сол қар еріп, күн шығып тұр. Қытайда қардың еруін жақсы ырымға балайды. Міне, осы алғашқы қар біздің өкілдіктің ашылуына сәттілік әкелер деген сенімдеміз. Бес жыл бұрын Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары барысында «Жібек жолы» экономикалық белдеуін құру туралы бастама айтылған еді. Содан бергі бес жылдың ішінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасы нақты әрекетке айналып, халықаралық тиімді серіктестіктің үлгісіне айналды. Айта кетерлігі, Бір белдеу, бір жол» бастамасы Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты - «Нұрлы жолмен» астасып, өзара тиімді серіктестігімізді алға жетелеп келеді», - дейді Қытай мемлекеттік даму банкінің өкілдігінің вице-президенті Лю Цзин.null 

Өз кезегінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов Қытай мемлекеттік даму банкі - әлемдегі ірі қаржылық институттардың бірі екені бұрыннан айтылып келе жатқанын атап өтті.

«Бұл банк - Қазақстандағы әртүрлі қаржылық институттармен және ірі конгламераттармен жұмыс істеп келе жатқан қаржы ұйымы. Осы жиынға біздің еліміздің ірі қаржы институттарының өкілдері қатысып отыр. Бұл алдымызда ұзақ әрі өзара тиімді қауырт жұмыстың күтіп тұрғанын дәлелдей түседі. Астанада Қытай мемлекеттік даму банкінің өкілдігінің ашылуы - біздің мемлекеттеріміздің басшылары келіскен келісімдер жедел әрі тиімді түрде жүзеге асуына серпін болар деген сенімдемін», - деді Қайрат Келімбетов.null 

Айта кетейік, Қытай мемлекеттік даму банкі - әлемдегі ең ірі қаржылық институттардың бірі, шетелдік қаржыландыру мен инвестициялау бойынша оператор.

null 

Соңғы жаңалықтар