Астанада Қырғызстан суретшілерінің «POSTTOTAL» көрмесі ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық мұражайында «Әлемдік мәдениет және заманауи өнер» жобасының аясында Қырғызстан бейнелеу өнерінің «POSTTOTAL» көрмесі ашылды.

Посткеңестік және посттоталитарлық визуалдық мәдениет мұражайын құру жобасының бір бөлігі болып табылатын бұл көрмеде Қырғыз Республикасының 1991-2015 жылдар аралығында көркемөнер саласындағы ең үздік жұмыстары ұсынылды.

Оның аясында 42 суретшінің көркемсурет, графика, инсталляция және фотография жанрларындағы 100-ге жуық туындысы ұсынылған. «Біз қазақстандық көрермендерді қырғыз көркемсуретінің қазіргі күйімен таныстырғымыз келеді. Біздің еліміздегі суретшілер немен айналысатынын көрсетпекшіміз. Мен бұл жерден әр келушінің өз талғамына сай жұмыстарды табатынына сенімдімін», - деді көрме кураторы, Қырғызстан суретшілер одағының референті Гамал Боқонбаев. «POSTTOTAL» көрмесі келушілер үшін 28 тамызға дейін жұмыс жасайды.

Соңғы жаңалықтар