Астанада құрылыс нысаны құлап, 2 жұмысшы мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада құрылыс барысында плиталардың опырылуы салдарынан екі жұмысшының өмірі қиылды және тағы бір адам аураханаға жеткізілді. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Астананың Сарыарқа ауданында сағат 11:56 кезінде Алаш тас жолы бойында құрылыс плиталары мен нысан қабырғасының құлауы орын алды. Алдан ала мәліметтер бойынша, апаттан 3 адам зардап шекті, яғни біреуі оқиға орнында жан тапсырса, бір жұмысшы ауруханаға жеткізіліп, тағы біреуі үйінді астында қалып қойды. Қазіргі кезде бұл адамдардың аты-жөні анықталып жатыр», - деді Иманқұлов.





Кейіннен үйінді астынан зардап шеккен үшінші адам табылды. Өкінішке қарай, ол да апат салдарынан көз жұмған.

Оқиға орнына ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімшелері жұмылдырылды. Апат болған жерге Астана қаласы ТЖ департаменті, өрт сөндіру қызметі, ҚР ІІМ ТЖК Апаттар медицинасы оралығы, Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы тартылды.

Соңғы жаңалықтар