Астанада Құрлықтық хоккей лигасының мықтылары бас қосады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының мықтылары «Барыс Аренада» бас қосып, спортсүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйламақ.  Елімізде мұндай деңгейде шара алғаш рет өткелі отыр, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Хоккей жұлдыздарының байрақты бәсекесін елордалық жанкүйер тағатсыздана күтті. Ел мерейін үстем ететін айтулы шараға санаулы күн қалып отыр. 10 қаңтарда Еуразия мықтылары Астанада бас қосады.

Шараға құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін 27 клубтан 48 спортшы қатысады. Дені әлемге танымал. Олар 4 командаға іріктеліп, өзара мықтыны анықтамақ.

Дүбірлі додада елордалық «Барыстан» үш бірдей ойыншы бақ сынамақ. Команда капитаны Найджел Доус, қорғаушы Кевин Далман мен құрлықтық хоккей лигасы үздіктерінің бірі - шабуылшы Линден Вей. Қазір жігіттер қызу дайындық үстінде.

Соңғы жаңалықтар