Астанада күрелген үйлердің орнында 6 гүл бағы салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2018 жылдан бастап елордада әкімінің тапсырмасы бойынша күрелген үйлердің орнына желекжолдар мен гүл бақтары салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.

Мақсат - азаматтардың тұрмысы мен тынығуы үшін экологиялық таза жағдай жасау, оларға отбасыларымен бірге демалуына ыңғайлы жағдай жасау. Желекжолдар мен гүл бақтары толығымен абаттандырылып, көгалдандырылмақ. Сондай-ақ, олар жарықпен қамтамасыз етіледі, спорттық және балалар ойын алаңдары, шағын сәулет нысандары орнатылады. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының мәліметтері бойынша, 2019 жылы келесі саябақтар мен гүл бақтарының құрылысы жоспарланған.

І.Есенберлин көшесіндегі № 36 үйдің орны. Гүл бағының жалпы ауданы -4 783,9 шаршы метр, құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылдың мамырынан шілде айына дейін жүргізіледі деп жоспарланған.

Б.Майлин көшесіндегі № 9 үйдің жанындағы алаң. Бақтың жалпы ауданы - 7 521,7 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары 2018 жылдан бері жүргізілуде. Ол 2019 жылдың шілдесінде аяқталады.

Ә.Молдағұлова көшесіндегі гүл бағы, № 19 және № 21 үйлердің маңы. Қоғамдық гүл бағының ауданы 14 113,9 шаршы метр. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 2018 жылдан бері жүргізілуде. Құрылыстың аяқталу мерзімі - 2019 жылдың қыркүйегі.

Сарыарқа даңғылындағы № 23 үйдің жанындағы гүл бағы. Жалпы ауданы - 5 917 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары 2019 жылдың маусымынан қыркүйек айына дейін жалғасады деп жоспарланған.

Абай даңғылындағы желекжол, Күлтөбе көшесінен Сембинов көшесіне дейін және Егемен Қазақстан көшесінен Б.Бейсекбаев көшесіне дейінгі аумақ. Желекжолдың ауданы - 9 087 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары 2018 жылдан бері жүргізілуде. Жұмыстар 2019 жылдың қыркүйегінде аяқталмақ. Жеңіс даңғылының және Ә. Жангелдин көшесінің қиылысындағы желекжол. Құрылыс ауданы - 3 087,6 шаршы метр. Жоспарға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстары 2019 жылдың маусымында басталып, қыркүйек айында аяқталады.

Соңғы жаңалықтар