Астанада құрбандықты қай жерде шалуға болады
Құрбан айт мейрамын атап өту осы жылдың 21 тамызы күні елорданың барлық 9 мешітінде мерекелік «Айт намазынан» (басталуы сағат 7-00) бастау алады. 23 тамызға дейін елордада құрбандық шалу ұйымдастырылады. Қазіргі таңда Астана қаласында негізгі құрбандық шалу орындары бекітілді:
Алматы ауданы: «Метро» СҮ (Астана-Қарағанды т/ж)
Байқоңыр ауданы: «Нұрбереке-555» ЖШС, Алаш шоссесі, 30 («Көк Базар» базарының арты), «Есжанова А» ЖК, «Жайлау», Алаш шоссесі, Ц 313 көшесі, «Шаушен» ШҚ, «Астана-Павлодар» т/ж, 9 км, «Темеш» ШҚ, Астана - Софиевка т/ж 7 км
Есіл ауданы: «Алтын-Таға» базары, Қосшы кентінің маңы
Сарыарқа ауданы: «Ұлжан» әмбебап базары, (бұрынғы «Саянұр» базары)
Сонымен қатар, «Құрбан айт» мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы «2288» Call-center жұмыс жасайды.