Астанада құрамында зиянды қоспасы бар кеспе сатылымнан алынып тасталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Садуақас Байғабылов құрамында гендік-модификацияланған ағзалар (ГМА) бар өнімдерге жүргізілген тексерудің нәтижесін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап.

«Елорданың сауда желісінде Корея Республикасында жасалған «Кляр. Сіздердің тамақтарыңызға арналған қытырлақ, дәмді қабықша» және «Юккедян» тез әзірленетін кеспе» өнімдерінің құрамында ГМА рұқсат етілетін нормативтердің шегінен асып кеткен. Сонымен қатар, сыртқы орамында ГМА-ның бар екендігі туралы ақпарат көрсетілмеген», делінген хабарламада.

Астана қаласының сауда желілеріне жүргізілген тексеру нәтижесі бойынша 219 орамдағы 109,5 кг көлемде «кляр» және 40 орамдағы 3,6 кг көлемде «кеспе» сатудан алынды. Кәсіпкерлерге екі тауар бойынша 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Егерде тұрғындар елорда дүкендерінен аталған өнімдерді қосымша түрде анықтаған жағдайда міндетті түрде 8/7172/31-61-81 немесе 87780127000 телефондары бойынша департаментке хабарласу қажет.

Айта кетерлігі, бұған дейін де «Юккедян» тез әзірленетін кеспесін саудалаған кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.

Соңғы жаңалықтар