Астанада курьер үй иесінің алтын бұйымдарын ұрлап кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада курьер клиенттің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, елорда тұрғыны үйіне курьер келіп кеткеннен кейін зергерлік бұйымдары жоғалғанын айтып, арыз түсірген. Логистикалық компанияның курьері зардап шегушіге тапсырыс бойынша балаларға арналған орындық жеткізіп берген. Үй иесі келесі бөлмеге кеткенде курьер тумбаның үстінде жатқан алтын бұйымдарды ұрлап үлгерген.

Үй иесінің айтуынша, ұрланған алқа мен жүзіктердің жалпы құны 280 мың теңге болған.

«Полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді. 21 жастағы жігіт кінәсін мойындап отыр. Ал ұрланған алтын бұйымдар тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», - деп жазады педартаменттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар