Астанада күмәнді рюкзакке бола көше жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада күмәнді рюкзактің табылуына байланысты Кенесары көшесіндегі көлік қозғалысы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін 2018 жылдың 8 ақпаны күні сағат 17:39-да  ІІД Жедел басқару орталының «102» арнасына Кенесары 39 мекенжайы маңындағы бұталардың арасында қара түсті рюкзак жатыр деген хабарлама түскен», - делінген хабарламада.

Астана ІІД мамандары сөмкені тексеру барысында, оның ішіндегі жұмыс киімдері екендігін анықтады. Басқа  ешқандай күмәнді заттар табылмаған. Полицияның хабарлауынша, ғимараттағы адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары жүргізілген жоқ.

«Сағат 18:30-да аталған учаскедегі көлік қозғалысы қалпына келтірілді», - деп мәлім етті ІІД.

Соңғы жаңалықтар