Астанада Құқықтық саясат тұжырымдамасы тақырыбында конференция өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада ҚР Әділет министрі Рашид Түсіпбековтің төрағалығымен «Қазақстанның Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын ескере отырып, ұлттық құқықтық жүйені жаңғырту» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Конференция жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, ғалымдар, атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдардың, шетел елшіліктерінің өкілдері қатысуда.

 Аталмыш мәслихаттың үш сессиясы «Халықаралық және ұлттық құқық», «Құқық қорғау мен сот жүйесін дамыту», «Салықтық және бюджеттік заңнаманы дамыту» атты тақырыптарға арналып отыр.

Құқықтық саясаты тұжырымдамасының басым бағыттарына тоқталған Конституциялық кеңестің мүшесі Ұбайдолла Стамқұлов, аталған құжат еліміздің құқықтық даму саясаты саласында, оның ішінде ұлттық заңнаманы жетілдіру бағытында жаңа мақсат-міндеттерді жүзеге асыруды көздейтінін айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар