Астанада Крещение мерекесіне орай суға түсуге арналған орындар анықталды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 18-19 қаңтар күндері барлық православие шіркеулерінде Крещение мерекесі рәсімі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2023 жылы Крещение мерекесі рәсімі 18-19 қаңтарда Астана қаласының барлық православие шіркеулерінде өтеді. Олар: Успен кафедралды соборы (Күйші Дина көшесі, 27), Константин-Еленин шіркеуі (Республика даңғылы, 12), Серафим Саровтың шіркеуі (Бөгенбай батыр даңғылы, 8).

Жаппай шомылуға арналған ойықтар Есіл өзеңінің оң жағалауындағы, М. Өтемісова атындағы Оқушылар сарайы ауданында, «Гранд Алатау» ТК және сол жағалаудағы «Астана» саябағының жағалауында (Амфитеатр мен Regis Astana қонақ үйінің жанында) орнатылады.

Шомылатын орындар 18 қаңтар сағат 19:30-дан бастап 19 қаңтар 02:00-ге дейін қолжетімді болады. Сондай-ақ, жаппай шомылу19 қаңтар таңғы 8:00-ден 20 қаңтар сағат 02:00-ге дейін жалғасады.

Діни рәсім барысында Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Суда құтқару қызметі және полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл күні шомылу орындарында жедел жәрдем бригадалары кезекшілік етеді.


Соңғы жаңалықтар