Астанада «Кремний алқабы» бұрышы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «ЭКСПО-2017» көрмесі аумағындағы Кремний алқабы бұрышын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null
«Кремний алқабы» бұрышын ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ Қазақстанда Кремний алқабының өкілдігін ашу туралы келісім аясында Cisco, SAP, Oracle, Mastercard компанияларымен ынтымақтаса отырып әзірледі.

«Зерде» холдингімен бірігіп жасаған жұмыстар үшін серіктестерімізге алғыс білдіремін. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың АҚШ-тағы сапарынан кейін, Қазақстанда Кремний алқабы бұрышын дайындау туралы тікелей тапсырма алдық. Ел экономикасын цифрландыру мәселесі біз үшін өте маңызды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевта «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын қабылдау туралы тапсырма бергендігін білесіздер. Осы тапсырмалар аясында бүгін Кремний алқабы бұрышын таныстырудамыз», - деді Д. Абаев құттықтау сөзінде.
null 

«Біз үшін бұл үздік технологияларды зерттеу және Қазақстанды цифрлы экономика мен технологиялық жаңғыртуға бет алысын көрсету алаңы. Қазақстандықтарға еліміздің цифрлы экономикаға қалай көшетінін көрсету үшін мұнда әлемнің үздік компанияларын өз стартаптарын таныстыруға шақырдық», - деп атап өтті «Зерде» холдингінің басқарма төрағасы Әсел Жиенбаева.
null  

Қазақстандағы Кремний алқабы бұрышының негізгі міндеті экономиканы цифрландыру бойынша «Зерде» серіктестерінің жаңа шешімдерін және шет мемлекеттерде, экономиканың түрлі салаларында қолданылатын тәжірибелерді таныстыру болып табылады. Тағы бір айта кетерлігі, ЭКСПО көрмесінен кейін де Кремний алқабы бұрышы өз жұмысын жалғастырады және оның алаңында әлемдік ауқымдағы түрлі стартаптар таныстырылады.
null 

Айта кетейік, 2017 жылдың сәуірінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті Н. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша АҚШ-қа жұмыс сапарымен барды. Мұнда әлемдік инновациялық көшбасшылар қатарындағы компания өкілдерімен кездесулер өткізіп, Қазақстан экономикасының үшінші жаңғыртылуы аясында бірлескен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады және Кремний алқабында Қазақстан Өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойды .

Соңғы жаңалықтар