Астанада кран құлаған жерде мамандар жұмыс істеп жатыр - ТЖМ

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі астананың құрылыс алаңында кранның құлауына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13 маусым күні сағат 18:20 шамасында Есіл ауданында Төле би көшесінде салынып жатқан «Sen» тұрғын үй кешені нысанында мұнара краны құлады. Құлаған КБ-405 мұнара краны «НЕОТЕХ« ЖШС-ға тиесілі. Дауылды ескертуге байланысты бүгін нысандағы құрылыс жұмысы тоқтатылып, кран бөлшектеуге дайындалған болатын», - делінген хабарламада.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

«Алдын ала мәлімет бойынша, кран қатты желдің салдарынан құлап кеткен (желдің екпіні секундына 20-25 метрге дейін жеткен). Төтенше жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында ҚР ТЖМ Өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр», - дейді ведомстводан.

Бұған дейін елордада қатты желден кранның құлағаны туралы хабарлаған едік.



Соңғы жаңалықтар