Астанада ҚР Кәсіподақтар федерациясының съезі басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының кезектен тыс XXV съезі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынның бірінші бөлімінде съезге қатысушылар мен делегаттардың сөздері тыңдалады. Оның жұмысына ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова мен Халықаралық еңбек ұйымының Қазақстандағы ұлттық үйлестірушісі Талғат Өміржанов қатысуда.

Съезд жұмысын ҚР Кәсіподақтар федерацияларының Төрағасы Бақытжан Әбдірайым ашып, жиналғандарды күн тәртібімен таныстырды.

Аталған жиынға Қазақстанның барлық өңірінен 200-ге тарта салалық кәсіподақ өкілі мен 20-ға жуық шақырылушы мен мейман қатысуда.
null null null 

Соңғы жаңалықтар