Астанада коронавирустың таралуы бір аптада 4,6 есе артты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада COVID-19 вирусының таралуы жиілеп кетті. Дегенмен, қала әлі де «жасыл аймақта». Бұл туралы Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пралиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«24 қазаннан бастап елордада коронавирустың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Тәулігіне 61-ден 69-ға дейін дерек тіркеліп жатыр. Вирустың таралуы желтоқсанның 7 күнінде қарашамен салыстырғанда 4,6 есеге артты, яғни 70-тен 322-ге дейін өсті. Дегенмен, қазір Астана қаласы «жасыл аймақта». Соңғы аптада коронавирус жұқтырудың 432 жағдайы тіркелді. Бұл – алдыңғы аптамен салыстырғанда екі есе артық», - деді Жанна Пралиева елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тәулігіне орташа есеппен 61 КВИ жағдайы тіркеледі.

«Коронавирус инфекциясы мен тұмаудың таралуына байланысты вирусқа қарсы вакцина алуға кеңес беремін. Еңбек ұжымдарын, ата-аналар, зейнеткерлер мен студенттерді иммунитетті уақтылы қорғауға шақырамын. Вирустың алдын алудың ең тиімді әдісі – вакцинация», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар