Астанада коронавирус жұқтырғандар «Рамада Плаза» қонақүйіне орналастырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рамада Плаза» қонақүйінде коронавирусқа шалдыққан науқастар үшін қосымша 500 орын дайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала әкімдігі COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеуге арналған төсек-орындарды кеңейту бойынша жүйелі негізде жұмыстар жүргізіп жатыр. «Рамада Плаза» ғимаратында қосымша 500 орын ашылады. 1 шілдеде 250 орын дайындалады», - делінген әкімдіктің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, өткен аптада 800-ден астам төсек-орын құрылған болатын. Атап айтқанда, 600 орындық №1 көпсалалы қалалық аурухана толығымен жұқпалы аурулар стационарына ауыстырылды. Сонымен бірге Ұлттық ғылыми медициналық орталығы, Қорғаныс министрлігінің госпиталі және ҰОС клиникалық госпиталі базасында орындар дайындалды.
«Өкпені жасанды желдету аппараттарын, компьютерлік томография, оттегі концентраторларын, ПТР-тестілерді, дәрі-дәрмектерді және тағы басқасын сатып алу бойынша жұмыстар атқарылып жатыр», - деді қала әкімдігінен.


Соңғы жаңалықтар