Астанада корей халқының дәстүрлі маскалары көрмесі ашылды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық музейде Корея Республикасының Қазақстандағы елшілігінің ұйымдастыруымен «Корей халқының дәстүрлі маскалары» атты көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрмеге корей халқының «Хахве Бёльсингут Тальнори», «Бонсан Тальчум», «Суён Яру» және басқа да театрландырылған дәстүрлі би қойылымдарында қолданылатын маскалары қойылды.

Басқа халықтардың маскаларына қарағанда үрей тудыратын құдайлар мен жануарларды бейнелейтін корей маскалары адам келбетін, мінез-құлқын, көңіл-күйі мен сезімдерін бейнелеп, қойылымдарда қарапайым халықтың өмірін әзіл түрінде жеткізетін құрал.

«Бүгін сіздер корей халқы мәдениетінің бір бөлігі дәстүрлі маска өнерімен танысасыздар. Жыл басынан бері Астанада көптеген мәдени іс-шаралар өткізілді. Әр шараның өзіндік ерекшелігі мен маңызы бар. Және бұл екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас пен мәдени достықтың белгісі», -деді Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэ Сик.null 

Оның айтуынша, маска жасау өнері әлемнің барлық халқында бар, яғни маска мәдениетін барлық жерден кездестіруге болады, алайда олардың әр елде өзіндік ерекшеліктері бар.

Сонымен қатар, елші тиісінше қазақ мәдениетінің Корея елінде де жоғары бағаланатынын айта келе, жуырда қазақстандық «Шолпан» бишілер тобының Кореяның Андон қаласында өткен халықаралық би фестивалінен бас жүлдені жеңіп алғанын қуана жеткізді.

Сөз соңында елші мырза 7-8 желтоқсан күндері Астанада корей киносы күндері өтетінін хабарлап, елорда халқын Кореяның кино индустриясымен жақынырақ танысуға шақырды.  

Корейлердің дәстүрлі маскаларының 61 түрі қойылған көрмеде Чосон династиясы кезеңіндегі Корея елінің бейнесін көруге болады.

Аталған шара аясында ертең «Астана балет» театрында ежелгі корей халқының дәстүрлі би өнерінен маскалық қойылым өтеді. Көрме осы жылдың 23 желтоқсанына дейін жалғасады.

null null nullnull 

Соңғы жаңалықтар