Астанада көпжылдық гүлдер аллеясы пайда болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алғаш көпжылдық гүлдер аллеясы елорданың Сарыарқа ауданында ашылды, онда гүлдің 3500 түрі отырғызылған. Бұл туралы Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек Фейсбуктегі парақшасына жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін жалпықалалық сенбілік кезінде тұрғындарымыз пилоттық жобаның куәгері болды. Аталған жобаны біз қалалық ортаны регенерациялау басқармасымен бірлесіп ұйымдастырып, ұлы Абай Құнанбаев ескерткішінің жанында тұтас гүлдер аллеясын отырғыздық. Ирис (құртқашаш), рябинник (шетен), шалфей (сәлбен), гортензия (шығыс гүлі), итмұрын секілді 3500 гүл бұл жерге өзгеше сипат беріп, хош иіс сыйлайды», - деп жазды Арман Тұрлыбек.
null

Сонымен қатар аудан әкімі жыл сайын әртүрлі гүлдерді отырғызып жағымды атмосфераны ұзағырақ ұстауға тырысатындықтарын, дегенмен көп гүлдер бір маусымдық болғандықтан әдемілік ұзаққа созылмайтынын да тілге тиек етті. Және көптеген қалалардың көпжылдық өсімдіктерді өсіруге көшкенін айтып өтті.

«Грабчевски» деп аталатын варшавалық көшеттерден алып отырғызылған көпжылдық гүлдер аллеясы қала бойынша алғашқы болып саналады. 

«Аталған тамаша өсімдіктер астаналық «Ритц Карлтон» отелінің аумағында біздің бір қысқа төтеп беріп шықты. Бұл реттегі біздің стратегия мынандай - бір жылдық гүлдерден кезең-кезеңімен бас тартып, нәтижесінде қаражатты үнемдеу. Ал біздер, тұрғындар болса, бірнеше жыл бойына олардың гүлдеп тұратынына қуанатын боламыз», - деді аудан әкімі. 

null

null

Соңғы жаңалықтар