+7 (701) 759 90 19
USD 427.93 EUR 506.71
RUB 5.55 CNY 64.29
Jańalyqtar

Астанада көпқабатты үйлерге «ақылды» шлагбаумдар орнатылып жатыр

2020 жылғы 13 қыркүйек 23:20
Бөлісіңіз:
Астанада көпқабатты үйлерге «ақылды» шлагбаумдар орнатылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың тұрғын үй кешендерінде smart-шлагбаумдар орнатылып, автокөліктердің мемлекеттік нөмірін анықтау жүйесі енгізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Астанада 14 қазаннан бастап карантин күшейтіледі

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, бұл «ақылды» технология шұғыл қызмет көліктерінің үйлердің аулаларына кедергісіз кіруіне мүмкіндік береді.
«Арнайы мәліметтер базасына енгізілген көліктер smart технологияның көмегімен шлагбаумнан өтіп, аулаға кіре алады. Сонымен қатар тізімді қажет болған жағдайда толықтыруға болады. Одан бөлек, барлық кіріп-шыққан автокөліктер тізімі журналға тіркеледі.
Жыл соңына дейін тұрғын үйлердің 30% дейін smart шлагбаумдармен жабдықтауды жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша ауланың аумағында камералар орнату жоспарда бар. Бұл, өз кезегінде қауіпсіздік деңгейін арттыруға септігін тигізеді: ұрлық жасау, бөтеннің мүлкіне зиян келтіру және басқа құқық бұзушылықтар саны азаяды», деп жазды қала басшысы Instagram-да.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT