Астанада көпқабатты үйдің шатыры өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада көпқабатты үйдің шатыры жанып жатыр, деп хабарлайды ҚР ІІМ-нің Төтенше жағдайлар қызметі.

Ведомствоның ақпараты бойынша, 23 маусым күні сағат 17-52-де Мүсірепов көшесінің бойында бесқабатты үйдің бесінші қабатынан өрт шығып, ол үйдің шатырына ұласқан.

Қазіргі таңда өртенген аймақтың көлемі айқындалуда. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар саласының 12 дана техникасы мен 53 қызметкері жұмыс істеді. Эвакуация шаралары жүзеге асырылды.
Сағат 19:05-те өрт толығымен сөндірілді.
Бастапқы мәлімет бойынша 600 шаршы метр аумақты өрт шарпыған.


Соңғы жаңалықтар