Астанада көпқабатты үйдегі өрттен 6 адам құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бес қабатты үйде болған өрт кезінде елордалық құтқарушылар 6 адам, онын ішінде 2 баланы құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2019 жылғы 17 қаңтарда сағат 22:16-да «101» орталық пунктіне Күйші Дина көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. 5 минуттан кейін шақырту орнына жеткен өрт сөндірушілер 5 қабатты тұрғын үйде ас үй жиһазы, тұрмыстық техника және декоративті төбе бөлшектерінің жанып жатқанын анықтады. Кіре беріс қатты түтіндеген, адамдарға қауіп төнген. Өрт сөндірушілер жанып жатқан және көрші пәтерлерден ересектер мен балаларды құтқарды» делінген хабарламада.

Өрт кезінде 6 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Жалын 22:38-де оқшауланып, 22:41-де толық сөндірілді. Оқиға салдарынан 1972 жылы туған ер адам түтін иісіне уланып, №1 қалалық ауруханаға жатқызылды.

Тілсіз жау тұрмыстық құралдардағы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Оны сөндіруге 5 техника, 19 қызметкер жұмылдырылды.

null

Соңғы жаңалықтар