Астанада көпбалалы отбасыларға берілген 124 пәтердің иелерінің тізімі шықты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда үй кезегінде тұрғандар арасында жалдамалы баспанаға қол жеткізгендердің тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл іріктеуге өтінімдер 18-24 маусым аралығында қабылданған болатын.

Санаты - көпбалалы отбасылар.

Барлығы - 2,3 бөлмелі 124 пәтер.

Бұл баспана сатып алу құқығынсыз жалға беріледі.

Бағдарламаға өткендер мен өтпегендердің аты-жөні әкімдіктің сайтында жарияланған.

Тізімді осы сілтемеден жүктеп алуға болады.

Бағдарлама бойынша өткендердің бәріне жақын арада тұрғын үй орталығының қызметкерлері қоңырау шалып, әрі қарай не істеу керектігін айтады.


Соңғы жаңалықтар