Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

Астанада Көпбалалы аналар қауымдастығы құрылмақ

2019 жылғы 14 ақпан 13:40 532
Бөлісіңіз:
Астанада Көпбалалы аналар қауымдастығы құрылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Қоғамдық кеңесі елордада Көпбалалы аналар қауымдастығын құруды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның барлық қалаларында Бірыңғай әлеуметтік терезе ашылады Түркістан облысында көпбалалы аналарды қолдайтын «Қолғабыс» жобасы жүзеге асады

«Біз қазіргі уақытта Көпбалалы аналар қауымдастығын құруды көздеп отырмыз. Ол қауымдастыққа белсенділер енсе дейміз. Осылайша, белсенділермен бірге көпбалалы отбасылардың мәселелерін шешуді ойластырудамыз. Менің ойымша, бұл дұрыс қадам. Жуық арада біз қауымдастықты құру туралы жұмысты аяғына дейін жеткіземіз», - деді Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов елорда әкімдігінде өткен жиында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов елордадағы көпбалалы отбасылардың мәселесі туралы сөз қозғап, олардың баспана мәселесін жеке-жеке кезек бойынша шешу керектігін мәлім еткен еді.

«Мемлекет бұл мәселеге бет бұрар деген ойдамын. Қазіргі уақытта Үкімет жұмыс тобын құрып, аталмыш мәселені шешуді көздеп отыр. Көпбалалы отбасылардың ең алдымен баспана мәселесін шешу керектігі туралы бастаманы 100 пайыз қолдаймыз. Себебі, бұл отбасылар күрделі материалдық жағдайымен қоса баспананы жалдап тұруға мәжбүр. 50-100 мың теңгеге кішкене ғана бөлме жалдап тұрады. Сол себепті, көпбалалы отбасылардың ең алдымен баспана мәселесін шешу керек. Жетім балалар, соғыс ардагерлері сияқты көпбалалы отбасылардың да баспана бойынша жеке кезегі болуы тиіс. Себебі, қазіргі уақытта елордадағы баспана бойынша ортақ кезекте 46 мыңға жуық адам тұр», - дейді Сансызбай Есілов.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Әлеуметтік қолдау,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT